Skip to content

Бүгін, 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де мектебімізде «Менің мектебім –…

Бүгін, 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де мектебімізде «Менің мектебім – буллингке қарсы!» атты мазмұнды флешмоб өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты, мейірімділік пен қамқорлықты дәріптеу, сонымен қатар буллингтің кез келген түріне жол бермеу екенін көрсету болды.
Флешмоб барысында оқушылар арнайы ұрандар айтып, достық пен бірлікті бейнелейтін көріністер көрсетті. «Біздің мектебімізде буллингке жол жоқ! Әр оқушының құқығы – қауіпсіз ортада білім алу» деген үндеу баршаға ортақ ойды жеткізді.
Біз жақсы қарым-қатынас пен қолдау арқылы ғана жарқын болашақ қалыптастыра аламыз. Бір-бірімізді тыңдап, сыйлап, құрметтей білсек, мықты да тату ұжымға айналамыз.
Оқушылардың ортақ сөзі: «Біз буллингке қарсы біргеміз!»#меніңмектебімбуллингкеқарсы2025 @orken_instituty

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *